Күй... өкініш
Бұл бетте «Күй... өкініш» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сүйріктей саусақ... ішектен үндер төгіліп,
Жарты Шар — шанақ нұр сеуіп, аспан сөгіліп
Сиқыршы жас қыз санаңды билеп әкетсе
Заманға сонау сенімен бірге шегініп.
Мыңдаған жылдар... күйменен кетсең аралап,
Жауласқан бауыр ... жаныңды қатты жаралап
Ғұмыры баба... не деген толы өкініш,
Жасисың налып, жүрекке батып қара дақ.
Бір сәтте күйші жиғызса есті қайтадан,
Ойлама шырақ, заманнан мынау жай табам.
Өкініш толы — мирас боп қалар ұрпаққа,
Тек әттең... әттең... көп пе екен кісі байқаған.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі