Бұл бетте «Қасымда Ел билеген» атты Бақыткерей Ысқақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қасымда Ел билеген,
Көрікті -Ағам,
Адам жоқ деп,
Ойлаушы ем, білікті одан.
Қарсы алмады ешкім де құшақ ашып
Құрып кеткір шықпады ит - үріп алдан!
Салымыз суға кетіп - сүмірейдік,
Өкпелеп ашуландық,тікірейдік...
Естідім ел аузынан-ертесіне
Кетіпті,- Ағамыздан-
Бүкіл билік!..
Сыйлайтын қорыққанын - Адамдарды,
Көргенде, салтты ұмытқан надандарды,
Жұртына тастамаған-
Жұрнағын да
Ойлаймын, сонау өткен-жаман шалды!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі