Адамдарға назам бар – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Адамдарға назам бар» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.06.2022
  • 0
  • 0
  • 810
Қабағандай арсылдаған адамдар,
Қыл-қыбырға қақалмаған қабандар,
Жоны қалың, жаны бітеу надандар,
Ар сатуға арланбаған жамандар,
Алдап жеген, арбап жеген арамдар,
Ізет, пейіл көрсетуге сараңдар,
Бейшаралар — алды-артыңа қараңдар!
Осындай бір сендейлерге назам бар.

Семей, 21.08.1993 ж.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері