Обаға қарап ой толғап

Бұл бетте «Обаға қарап ой толғап» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.06.2022
  • 0
  • 0
  • 762
Сар далада cap тап боп күйіп кепкен
Жалғыз оба, бір қыран биіктеткен.
Жалғыз қалсам ойға алып әр немені
Орынсыздау тартамын күйік көптен.
Ау, даламның, ақиық, сұңқар құсы —
Жоқ па бойда самғатар сұңқар күші?
Сау ма қанат, таза ма асыл тегің,
Ұшпай ма екен биікке іңкәр кісі?
Көз тасташы ғарыштан мына жерге,
Не ғып жүрген ел екен құба шөлде?
Бал татыған бұлақтан қанып ішпей,
Не іздейді даладан — шүбә неде?
Қимай ма екен тау бұған бір қиясын?
Анау қыран қай жерге ілді ұясын?
Орынсыздау десем де, ойлар — ойға,
Мөлдір моншақ тізілтіп жыр құясың.
Ойлар кейде жосылып ақ бөкендей,
Кейде сыбап тастайды, тап көке идей.
Кейде қанша тұмшалап тастасаң да
Қатты қызған лапылдар, отша сөнбей.
Оба, ол не?
Қасиет — сеніп келген?
Шоқы ма тек далаға көрік берген?
Мүмкін... тіпті бір қойшы қалай салған,
Ойлансын деп, көргендер, еріккеннен?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Обаға қарап ой толғап өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Обаға қарап ой толғап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Обаға қарап ой толғап өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайын Назарбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Обаға қарап ой толғап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері