Тыныштық – Бақыткерей Ысқақ

Бұл бетте «Тыныштық» атты Бақыткерей Ысқақ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.12.2015
  • 0
  • 0
  • 2722
1418 күнге созылған соғыс, 1945 жылы 8 май күні сағат 24:00 де, атыс барлық қарудың түрінен тоқтатылды. Қазақстаннан 1млн.200 мыңнан астам адам, Ұлы Отан соғысына қатысты.

Тоқтатылды, оқтар ұшпай оқпаннан,
Торғай үнін, дала күтті ақ таңнан.
Үнсіз жатты, теңіздер де толқымай
Бомба алынды, жарыларға шақ қалған.
Еш дыбыссыз, орман, тоғай оянды.
Жапан дала, жаңғырықсыз боянды.
Сүйінші сұрап құстар ұшты аспанда
Тау кәусарын, жамыратты той алды.
Жуан орап, шылым шекті - Жауынгер,
Құттықтасып, құшақтасты қалың Ел.
Отқа оранып, жалын кешкен - Солдаттың
Тап сол күнгі, Ата, Анасын, Жарын көр!
Шарықтады, күй тартылды, ән басқа,
Жетекке еріп, томпаңдайды - боз қасқа.
Жүректерге, шер боп, кірген шөңгелер
Ақ қыраудай орын алған әр баста.
Келді үміттер,
Қуаныштар құлдырап,
Омырауда,
Жеңіс үні сылдырап.
Бір - еу, жүрді алыс қарап күрсініп
Қайран қазақ, Мойыған жоқ, ал,.. бірақ...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тыныштық өлеңінің авторы кім?

Бақыткерей Ысқақ — осы өлеңнің авторы.

Тыныштық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тыныштық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бақыткерей Ысқақ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тыныштық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері