Өлең, жыр, ақындар

Құдайды ізде

  • 05.06.2022
  • 0
  • 0
  • 619
Талғанда белің налыма, қалқам, ауырдан
Торықпа, тіпті қорықпа ешбір дауылдан.
Әділет ізде, Құдайды ізде қашанда,
Қалғанда көңіл қастыққа кеткен жауыңнан.
Құдайды ізде шапағат нұрдың ішінен,
Құдайды ізде жаратылыстың күшінен.
Құдайды ізде ғажайып құбылыстардан,
Бәрі де Алла ісі деп өзім түсінем.
Іздеші, ізде қайырымынан жандардың,
Алғысқа лайық адамдар барын аңғардым.
Куәсіз, пәкті періште деп те атайды,
Аты да солай өзіңді сүйген жан жардың.
Іздеші, ізде ізгілік деген қауымнан,
Жақсылар үшін аумайды жат та бауырдан.
Айналайындар, алмашы атақ қауіпті —
"Қатігез" деген емі жоқ дертпен ауырған.
Құдайды ізде! Тіректі содан табарсың,
Сенбесең хаққа — сергелдең болып қаларсың.
Іздеші мейір, ізгілік сіңген жүректен,
Бәрін де бәрін сол жерден тауып аларсың!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұлыма хат

  • 0
  • 0

Мұнартып көзім дымданып,
Екпін жоқ сөзде, ым қалып.
Тағдырға мынау қатыгез
Отырмын жаным шын налып.

Толық

Мажыра шақ

  • 0
  • 0

Сал жеңгенiң қойынындай
Қайнап тұрған құшағы.
Ыстық шағыл, пейiл қандай,
Мейiрлене құшады.

Толық

Мінез

  • 0
  • 0

Апшыларын қуырады жекіріп,
Бірде шындық, кейде шылғи өтірік.
От басында отырады кейбіреу,
Бала-шаға берекесін кетіріп.

Толық