Айжан қызға – Біржан сал Қожағұлұлы

Бұл бетте «Айжан қызға» атты Біржан сал Қожағұлұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.03.2019
  • 0
  • 0
  • 5091
Айжанның разы болдым құрметіне,
Жайылар бұл құрметің ел шетіне.
Мал мен бас, ықыласың бәрі бірдей,
Оралған бәрі тегіс ниетіңе.
Қызы екен Айжан сұлу Ақжол байдың,
Құрметін көріп едім мен талайдың.
Бұралған нәзік белі тал шыбықтай
Бұралған жағасында аққан сайдың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері