Обал-ай, бәрі алданды

Бұл бетте «Обал-ай, бәрі алданды» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1039
Бақыттан сезіп тапшылық
Пенденің бәрі — арманды.
Тағдырдан күтіп жақсылық —
Обал-ай, бәрі алдады.
Соқыр боп қалған не дейді
Мақаулар тіпті демейді.
Асқынған ауру не дейді,
Көңілді немен демейді.
Бағы бар баста пенделер —
Қор болды, күндеп, тарылып.
Тағы бар аста пендеде —
Жүректер жатыр жарылып.
Аударса мезгіл парағын
Жайнаған өмір қуарған.
Шалмайды үсік, қарағым,
Маңдай тер ғана суарған.
Басқаның бәрі алданыш,
Баянды бақыт болмайды.
Қанағат атты сезімін
Нәр берсе жаның солмайды.
Бұл өмір — жойқын дария,
Жоқ іздеп қарсы жүзбе, сен.
Бақыт пен байлық табарсың
Еңбектен ғана іздесең.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Обал-ай, бәрі алданды өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Обал-ай, бәрі алданды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Обал-ай, бәрі алданды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайын Назарбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Обал-ай, бәрі алданды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері