Өлең, жыр, ақындар

Ұлық тұтсаң атаңды

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 680
Ай — Тағдырым, Жер — Анам, Күн — Тәңірім!.
(Көктен жеткен сеземін үн сарынын.)
Жырлап келем Табиғат құдіретін,
Сөз төркінін, дәметіп, кім танырын.
Жаратылыс табынғам сәніне мен,
Сенің арқаң, тіршілік мәніне енем.
Дана мен қырт, япыр-ай, түлкі мен жұрт,
Шексіздікке таңдана әлі келем.
Айна дерсіз, бұл Әлем кілең егіз,
Егіз-жалқы, қос сөздер неге — негіз?
"Мен", "Мен" деген болмысың буырқанса,
Жалқылыққа (сақта Алла) тіленеміз!
Бірақ, жалқы болмайды, сеніңіздер,
Ұлы да жоқ, ұлының дені біздер.
Александр соңында Наполеон,
Бәрі егіз — бақ пен тақ, жемін іздер.
Жалғыз емес Сократ, Эйнштейн,
Құдіреттің ісі ғой, мен не істейін.
Туып жатыр қазақтар одан да ұлы,
Тек ойланбай келесің көнбіс кейін.
"Бізге қайда" дейсің ғой, оқып алып,
Ояншы Сен, ал сосын тоқы, налып.
"Алла" дейді әкесі, ал ұлына
Қандай заман туыпты шоқынарлық?
Шектеп еді сезімді "Ата заңы",
"Сезім сайтан" солайша баталанды.
Енді ұл-қызың атаңнан алыс кетсе,
Сайтан дәмін "қыз-сезім" татар әлі.
Сұрағам жоқ замандас — "бәрін емде",
Ұрпағыңның қалмасын әні кенде.
Жастығың да жарасар, қарттығың да,
Ұлық тұтсаң атаңды бәрінен де.

Өмірзақ. 3.05.2001 ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Наурыз-Ата

  • 0
  • 0

Қош келіпсіз, Наурыз-Ата,
Киелімсің бас иетін!
Адам қолдан жасамаған
Алла берген қасиетін.

Толық

Бойда екі "Менім" бар

  • 0
  • 0

Бойда екі "Менім" бар ерегескен,
Жан-тәнімді сонша жыл бөле жескен.
Бірі "Өзің", "Сен — жалғыз" десе тантып,
Бірі "Ел" деп, "Отан" деп танады естен.

Толық

Төрелік

  • 0
  • 0

Екі азамат ұстасса
Жасы үлкені кінәлі.
Арқалайды соңында
Жасы кіші күнәні.

Толық

Қарап көріңіз