Кешкі бұлттар – Бақыткерей Ысқақ

Бұл бетте «Кешкі бұлттар» атты Бақыткерей Ысқақ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.12.2015
  • 0
  • 0
  • 2022
Өзгермейтін жұмбақ көп, еске сақтар,
Екіндіде жалқын түс көкте қаптар.
Қас қағымда өзгеріп алуан түрлі,
Сан - алуан түр салады,
Кешкі бұлттар!
Кешкі бұлттар,
Аспанның батысында,
Қарайсың жүріс-тұрыс, жатысына
Мал-жәндікке ұқсайды-
Адамға да
Құпия көп, өмірдің ағысы ма?!
Адамдардың ұқсайды түр - түсіне,
Мінезіне, тұрысы-білесің бе?
Қарап тұрып, кешкі бұлт көшкініне
Түседі өткен өмір, бәрі есіңе.
Бәрі де еске түседі, өткен көктем,
Қар, Жаңбырды аспаннан көктен төккен.
Адамбыз ғой-Адамбыз,
Ала - құла,
Не деген көп-алдағы, өткел неткен!
Кешкі бұлттар- көштердің сағынышы,
Жұмбақ күшке құпия бағынышта.
Қараймын күнде кешке,
Өздеріңе
Жүрегіме құйып ап бар-ағысты!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кешкі бұлттар өлеңінің авторы кім?

Бақыткерей Ысқақ — осы өлеңнің авторы.

Кешкі бұлттар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кешкі бұлттар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бақыткерей Ысқақ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кешкі бұлттар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері