Қазақ халқына бақыт тілеймін!

Бұл бетте «Қазақ халқына бақыт тілеймін!» атты Сайын Назарбекұлы жазған бақыт туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 835
Араб елінің патшасы Қағба қақпасының алдында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа: "Қағбаға кіргеннен кейін Аллатаңаладан шын пейіліңізбен, беріле үш тілек тілеңіз, Жаратқан қабыл алады", — депті.

Ақ тілеулер кетті қамап анталап,
(Көлеңкедей кешкіғұрым, зәнталақ).
Еділ, Жайық, Ертіс пен Сыр, Жетісу —
Елес берді байтақ елі, шартарап.
Неткен шексіз бір бастағы тілеулер! —
Құранды жұрт... лай сулар... жүдеу жер.
(Ең бақытты уайымсыз жан ғой деп
Ойлайды-ау, әлдеқандай біреулер).
Бір-ақ сәтте ойы кетті шарқ ұрып
(Не іздейді талай тілек бар тұрып?).
Ол не еді, жүректегі қорғасын,
Ойлағанда қалатындай қан тұнып?
Еске түсті... Бойды кернеп — күш-леп!
(Бундай сәтті сезімді жан түсінеді)
Ақ тілек боп үш тілектің орнына
Айтьшыпты бір-ақ тілек үш рет:
Қазақ халқына бақыт тілеймін!
Қазақ халқына бақыт тілеймін!
Қазақ халқына бақыт тілеймін!
Арманды жан ой орманын көп кешер.
Нағыз ақты сәуле десер, сүт десер.
Жуып кетті тамшы жасты, ақ тілеу,
Сәті менен құйып кеткен құт нөсер!

Семей. 23.02.1995 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақ халқына бақыт тілеймін! өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Қазақ халқына бақыт тілеймін! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазақ халқына бақыт тілеймін! өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бақыт туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қазақ халқына бақыт тілеймін! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері