Алматы таңы – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Алматы таңы» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1219
Таң мезгілі, әуелден, жырға қанық,
Ажарланар таң нұрмен сырлап алып.
Найза шыңдар, тәкәппар, оқшырайған,
Ақ қалпағын көкпеңбек нұрға малып.
Таң шапағын өппеп пе ем өзім бұрын,
Шерттірмеп пе ем таң нұрға сезім қылын?
Бүгін неге қан тасып бұлқынады,
Адыра қап шыдамшыл төзім-құлым?!
Тау барады молайып, тұлғаланып,
Шапақтана, мақтанып тұрғаны анық.
Дала сүйген мен едім, алпысымда
Алғашқы рет қарадым қырға налып.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері