Күн

Бұл бетте «Күн» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 808
Күн батты да, тірлік біткен тұншығып,
Қартаң тартты тұрған жайнап мың шыбық.
Көлеңкеге айналғандар азалы,
Қараңғыдан жатқандай, бір, мұң шығып.
Қара туын бүркеп жаһан басына,
Түн айбынды, құдіретін асыра.
Танды күтер ақ ниет бар, дәме бар,
Табиғат та таңды күтер асыға.
Табиғат — заң, заң біткеннің қаталы,
Еш мүлтіксіз бәрі тынып жатады.
Ерік жоқ-ау, тіпті күннің басында,
Күліп атып, жыламсырай батады.
Таңды күтсе бір пенделер арыла,
Біреулері күйе жағар арына.
Арман-адам өтеді екен жете алмай,
Бір таңына кездесе алмай, тарыға.

Ақтау. 1.03.1999 ж


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күн өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Күн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайын Назарбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері