Асауға мінші – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Асауға мінші» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 822
Жанымдай сүйдім жылқыны бала кезімнен,
Аялаушы едім көбірек, тіпті, өзімнен.
Күйдіре демін ешқашан зорлай шаппадым,
Болып ем ғашық ерекше ғажап сезіммен.
Асаумен шауып дән аса бірде оралғам,
Сол сәтте соққан бетіме жел боп жыр алдан.
Белдеуге байлап, бестіні қысқа қаңтардым —
Бәрін де өзің жараттың солай, бір Аллам!
Бойдағы ащы тер шығып әлі үлгермей,
Сарқылмай қайрат, көкжиек шегін бір көрмей,
Тарқамай құрыс, басылмай ашу жануар
Таңғала қарап: "Не болды саған, жүр!" — дер, дей.
Кегі де жоқтай: "Міндің деп мені бекерге!" —
Тұңғиық, анау, жанарға ойың жетер ме?
Қимасым сол сәт болар-ау мынау пәнимен
Қоштасар шақта, өмірден мынау өтерде.

Ақтау, 15.03.04 ж.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері