Пілді де біреу піл дейді-ау – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Пілді де біреу піл дейді-ау» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1900
Пілді де біреу піл дейді-ау
Мынау жалған дүниеден
Жаратқанның күшімен,
Құдіреттің ісімен,
Екі пілден салмақты,
Үш піліңнен қайратты,
Алты пілден айбатты,
Зіл өткенін білмейді-ау!
Ескінің сөзін жаттаған,
Ел-жұрттың жадын сақтаған,
Замандас сөзін хаттаған,
Ұйқассыз сөзді айтпаған,
Сусынан сұлтан қайтпаған,
Әділет жолын сақтаған,
Жиналса халық алқалап,
Ел-жұрттың мұңын арқалап,
Тыңдайтын тыңып шартарап,
Ақының шықса ортаға
Сол кезде шерің тарқар-ақ.
Қашаннан халық желікпе
Тентекке ерер дүрліксе,
Сол кезде шындық жағында
Ақын ба елден сыр бүксе.
Жүрегін жарып көрсетер
Шақырып жұртын бірлікке,
Содан да болар шетінен
Ақындар сыймай тірлікке,
Әттең деп өтер өмірден
Арманын ешкім білмейді-ау!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері