Өлең, жыр, ақындар

Бір нүкте

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 762
Шексіз дала, шексіз Теңіз, шексіз Көк,
Шектесетін жеріңде мен нүкте боп
Отыр едім, бір ой келді басыма
Нүкте айтады, ей, үш Өлшем, тасыма!
Бұ дүние нүктелерден тұрады,
Шексіздіктің нүкте шектеу құралы.
Бар салмақты маған ғана жүкте деп,
Асып-тасып кетеді ғой шыр бітсе,
Шексіздікке сыймай отыр бір нүкте.
Сол нүктенің ойы кімге дөп келер,
Мен болмасам Жаратылыс текке дер.
Кеңістікке, жазықтыққа өкпелер,
Нүкте солай бар Әлемді жек көрер,
Нүкте біткен "менмін", "менмін" деп келер!
Міне, осылай кісімсіген бір нүкте,
Менен артық кім бар деді тірлікте?
Ісінуін, үстемсуін қоймады,
Жеп бітірді көршілерін, тоймады.
Жұрттың бәрі дірілдеді алдыңда,
Нүкте солай нүктені жеп тойлады.
Бұл әлемді құртып тынар жегіштік,
Зәре қалмай кемсеңдейді Кеңістік.
Пайда болды денесінде бір қуыс,
Нүкте семіз, мақтанады жеп, іштік.
Сұп-сұр болып түсі қашқан жазықтық
Жасы жетпей оңып кетті, азыпты.
Пайда болды денесінде бір тесік,
Өз нүктесі өзіне қор қазыпты.
Сызық салған маған қандай тексіз деп,
Енді мені кім айтады шексіз деп —
Шырылдайды, сан жетпес жыл сау тұрған
Сәтінеген бір нүктеден Шексіздік.
Шексіз Дала, шексіз теңіз, шексіз Көк,
Шектесетін жерінде мен нүкте боп
Отыр едім, осы ойымнан шошыдым,
Дала азынап, теңіз толқып, Көк мұнар,
Сескендірген — "мен", "мен" деген тосын үн.
Деді ойым — нүкте арсыздар тасиды,
Ұят өрттен Жазықтықтар жасиды.
Сол нүктенің қырсығынан
Кеңістік Кешірші деп, Жаратқанға бас иді.
Үйлеспейді, деді Әлемге, теңсіздік,
Сүртіп жатыр бір нүктесін Шексіздік.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сағыныш

  • 0
  • 0

Кезі болар адамның сағынатын,
Бірақ арман алыста не ғыласың…
Ауған шақта ниетің аңсарыңа,
Сағыныштың сезесің мағынасын.

Толық

Тәуелсіздік — арманы бар қазақтың

  • 0
  • 0

Суарылған аталар арманына,
Сан ғасырдың жаншылған салмағына —
Өліп-өшіп, қартайып, қайта туып,
Тәуелсіздік оралды ел маңына.

Толық

Сырласым бол

  • 0
  • 0

Сырласым бол, жарандар, сырласым бол,
Дей көрмеңдер, сырласар құрдасым ба ол...
Жас бол, кәрі, бәрі бір, әйел, еркек —
Сырласпақпын, ой кернеп тұрғасын мол.

Толық

Қарап көріңіз