Мен жалғызбын – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Мен жалғызбын» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1411
Мен жалғызбын... Солай ма екен барша жан,
Жолдас-жора, дос-жарандар тарқаған.
Отыр ма екен бір-бір інге тығылып,
Жабырқай ма ойдан, тойдан шаршаған.
Жан күйеді, тән қажиды қайғы ұрып,
Соңғы достан қалған тағы айрылып.
Менен енді көңіл сұрар ешкім жоқ,
Жалғыздықтан жабырқаған жайды ұғып.
Тағдырлас ек, көгендегі қозыдай,
Пікірлес ек, бір көмейден сөз удай.
Жан алысып, жан беруге анттасқан,
Алыстатқан егізімнен қай Құдай?
Қайран менің сыңарымдай досым-ай,
Сана бізді ажыратты осылай.
Ой мен миды ортасынан қақ жарған,
Қарап көрші бұ тірлікке шошымай.

Өмірзақ. 5.05.2001 ж.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері