Бас ұрады адамдар оңашаға – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Бас ұрады адамдар оңашаға» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 680
Қымбатыңды жыл ұрлап өмір атты,
Тазартады тақырлап тәңіректі.
Тағдыр кейде марқайтып, дараласа,
Кейде сандар ішінде нөлі етті.
Құмар етер достыққа өмір баста,
Бозбала шақ, шіркін-ай, көңіл басқа.
Ата-анаңнан көрінер бөтен жақын,
Кісіліктің, арман жоқ, шөлін басса.
Бір дәуір бар бітеді көпшіл желік,
Ал сонан соң кетерсің епшіл болып.
Бәрінің де өзіндік ізі қалар,
Орнықпағай тек бойға кекшіл қылық.
Бір күндері ержетер бала-шаға,
Сағынарсың Наурызды Қарашада.
Болашақ деп ой-сана ғалам кезсе,
Бас ұрады адамдар оңашаға.

Ақтау. 12.01.2002 ж.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері