Шағалалар
Бұл бетте «Шағалалар» атты Бақыткерей Ысқақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шағалалар,
Жартас, шыңға қонақтап,
Отыр теңіз әуеніне құлақ сап.
Шақырады қайқы тұмсық толқындар
Көк кітабын парақтап.
Суға сүңгіп,
Енді бірі биіктен,
Жемін алар тұмсығына іліккен.
Тұяқпен де бүріп ұстап кетеді
Ойын емес
Ермек үшін - зеріккен.
Шағалалар,
Жылы ұясын қорғайды,
Толқындар да тыныштықты бұзбайды.
Мазаласа,
Саңғып кетер - басына
Құс саңғыса тіршілігі оңбайды!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі