Шекарадағы торғайлар

Бұл бетте «Шекарадағы торғайлар» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1161
Батыста, шығыс, күнгейде,
Жүрсе де қиыр шалғайда
Шекараны бiлмейдi
Шекарадағы торғайлар.
Мекенiн, сiрә, қия ма
Деме сен оны: кеттi асып –
Бергi беттегi ұяға
Арғы беттен шөп тасып;
Арғы беттегi ұяға
Бергi беттен шөп тасып –
Жүрсе егер тiрлiк қамымен
Думан қып шалқар кең жерiн
Үлгерiп жатқан бәрiне
Табиғат жұмыскерлерi.
Бергi беттегi ұяға
Арғы беттен жем iздеп;
Арғы беттегi ұяға
Бергi беттен жем iздеп –
Жүрсе егер тiрлiк қамымен
Өттi деме ел iздеп –
Өз елiм дейдi ол бәрiн де
Кетпесе шайып теңiз кеп...
Тынбастан бәрi ұшады
Күнiне мың кеп, мың өтiп,
Шекараны бұзады
Шекарадағы торғайлар
Тiршiлiк үшiн күресiп!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шекарадағы торғайлар өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Шекарадағы торғайлар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шекарадағы торғайлар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шекарадағы торғайлар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері