Тiл ұшына келiп-кетiп тұр бiр сөз – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Тiл ұшына келiп-кетiп тұр бiр сөз» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 844
Тiл ұшына келiп-кетiп тұр бiр сөз.
Шашып-төгiп алардаймын бiр күлсем.
Жұлдыздардай, түндi түрткен тыншымай
тiл ұшына келiп-кетiп тұр бiр сөз.
Жаңбыр болып шелекте де, құй, кәне,
деген кезде түк жаза алмай тұрғаны,
аттап баспай ақ қағаздың үстiнде,
қаздаңдаған қаламымның сирағы.
Түк шығара алмаспын-ау ендi өксiп,
тербетсе ендi сол сөз бiздi тербетсiн.
Сол сөздi iздеп жата алмаймын төсекте
соқыр iшек түйiлгендей дөңбекшiп.
Сол сөздi мен ақтармасам, ашпасам
өлең жазбай кетердеймiн тас қашап.
Тамып кетсе тiл ұшынан,
ал егер
бүкiл дүние сөйлейтiндей басқаша!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тiл ұшына келiп-кетiп тұр бiр сөз өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Тiл ұшына келiп-кетiп тұр бiр сөз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тiл ұшына келiп-кетiп тұр бiр сөз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тiл ұшына келiп-кетiп тұр бiр сөз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері