Күмәннің шыбыны

Бұл бетте «Күмәннің шыбыны» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.06.2022
  • 0
  • 0
  • 656
Жаным
Ашу мен ызаға
Қыжылға толып кеттi, –
Миымның iшiне
Күмәннiң шыбыны кiрiп
Басым
Ызыңға толып кеттi.
Сол бiр шыбын
Қураған қамыстай
Ызыңдайды да тұрады.
Тесiктен кiрген желдей
Ызылдайды да тұрады.
Не деген жауыз шыбын?!
Төзiмнен
Неге қыңбайды?!
Ойларым қайда кеткен?
Торларын неге құрмайды?
Қағып ап
Қамап тастамай ма?!
Сiлекей жiптерiмен
Орап тастамай ма?!
Құдай-ау,
Жүйкенi жеп жатқан
Мынау ызыңнан
Жарылып кетердеймiн.
Жын қағып
Қағынып кетердеймiн.
Басымды
Тасқа соқсам ба екен?
Соққанда – бас емес! –
Тас жарылса қайтем?!
Бұл ызыңнан
Жетер жерiме
Жетпей құтылмаспын –
Бұл дүниеден
Өтпей құтылмаспын.
Ызың-ызың.
Ызың-ызың...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күмәннің шыбыны өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Күмәннің шыбыны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күмәннің шыбыны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күмәннің шыбыны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері