Қалмады сөзде қадір, тілде кие – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Қалмады сөзде қадір, тілде кие» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.03.2018
  • 0
  • 0
  • 8907
Қалмады сөзде қадір, тілде кие,
ер сиқы болар дейтін іргеге ие:
би – мылқау, халық – аңқау, жігіт – сидаң,
көсемдер бірде бие, бірде түйе.
Кейбіреу кердеңдейді күнде байып,
сол байлық тексізге ме – кімге лайық?
Күштілер кісі өлтірсін – Күндей таза,
адалдың тұрғаны – айып, жүргені айып.
Сыйыспай кең аспанға, кең далаға,
біреу жүр ер болам деп елде дара.
Әңгіме қоғамда емес, қоғам деген –
жасырар билік құлқын перде ғана.
... Сен бірақ көрме ештеңе – жерге қара!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қалмады сөзде қадір, тілде кие өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Қалмады сөзде қадір, тілде кие өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қалмады сөзде қадір, тілде кие өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қалмады сөзде қадір, тілде кие өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері