Жасыл тыныштық – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Жасыл тыныштық» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 968
Күн ыстық.
Айналам
жасыл тыныштық.
Жанарың қай жақты қармасын
жап-жасыл.
Жап-жасыл
сай-сала, қырат та,
жап-жасыл
дәп қазiр
жауап та, сұрақ та.
Жап-жасыл
дүние үстiне
жасыл бояуды құясың.
Автоқаламдай
өзiмдi малам да
сорғызам денеме
осынау
жап-жасып табиғат сиясын.
Ойпаңға дамылдап
шығамын белеңге,
жап-жасыл
әрiп те, өлең де!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жасыл тыныштық өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Жасыл тыныштық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жасыл тыныштық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жасыл тыныштық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері