Бодан заманы

Бұл бетте «Бодан заманы» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.06.2022
  • 0
  • 0
  • 781
Иен далада
Ұшқан құстай
Азат едiм.
Көлге шомылып,
Желге сүртiнген
Қазақ едiм.
Дауыл құлатқан үйдей
Заман төңкерiлiп
Мойныма
Қамыт кидiм.
Маңдайым –
Ұрған соққыдан! –
Қақ жарылып қалды, –
Миым
Айрандай төгiлiп
Ақтарылып қалды.
Зорлығы
Асқына түстi
Желкем үзiлiп,
Мойным қайырылып
Астына түстi.
Қара балтасымен –
Тамырымды –
«Қарш» еткiзiп шапты.
Қара мылтығын –
Өңменiме қадап –
«Тарс» еткiзiп атты.
Араша түскендi –
Дойырдың астына алып –
Керегеге
Таңып қойды.
Елiме жарық көрсетпей, –
Құрым киiздей! –
Қараңғылықпен тұмшалап
Жауып қойды.
Еркектерiмдi тұрғызбай
Шалғайынан басты.
Әйелдерiмнiң
Етегiн ашты.
Балақтағы биттей еттi.
Ине жұтқан иттей еттi.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бодан заманы өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Бодан заманы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бодан заманы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бодан заманы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері