Ертеңге iстi аударып
Бұл бетте «Ертеңге iстi аударып» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
Ертеңге iстi аударып
несiне керi шегiнем...
Орманға барып,
тау барып
Ескерткiш үшiн, Табиғат.
суретке түсем сенiмен...
Ақ қайың,
терек,
қарағай,
желменен тулап қанатың,
жырлардай шалқып туындап,
шығарып, күтiп алатын
ағайын,
туыс,
достардай
тұрыңдар қоршап шуылдап.
Тұрыңдар қоршап менi ендi,
қарағай,
терек,
ақ қайың,
тигiзiп көкке төбемдi,
бiрiңдi шетке қақпайын.
Жел тисе шалқып дiр еткен
тұрайын сенiң ортаңда.
Жапырақ өскен бiлектер
жатсыншы иық,
арқамда!
Тастарды сiлкiп алатын
далаға кетем,
кезем деп
тауларды кесiп ағатын
суретке түсем сендермен,
тау мiнез долы өзендер!
Мүмкiн ғой бiр күн
белдердiң
астынан асыл тас тауып,
өзеңдi бөгеп,
сендердi –
ақ қайың,
терек,
қарағай,
аралап, қырқып тастауы.
Немесе,
мен де жапанда
адасып жолды таба алмай,
соңғы бiр алыс сапардан
қалуым мүмкiн оралмай...
Ертеңге iстi аударып
несiне керi шегiнем...
Орманға барып,
тау барып,
ескерткiш үшiн, Табиғат,
суретке түсем сенiмен!
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Әл – Фараби
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі