Шетелдік алпауыт

Бұл бетте «Шетелдік алпауыт» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 608
Несiн жасырамыз!
Түңiлiп тұрмыз.
Сонда да алдында
Желдi күнгi ағаштай иiлiп,
Бүгiлiп тұрмыз.
Әлi пiспеген бордай боп
Үгiлiп тұрмыз.
Сен болсаң
Желдеген түйе құсап –
Танауың делдиiп! –
Қарамайсың.
Тек тұрмай
Жалаңды жағып
Қаралайсың.
Қорлап жатырсың!
Барымды да,
Жанымды да
Алтайдан Атырауға дейiн
Алып ау құрып
Торлап жатырсың.
Бiреуiмiз
Ауаға тұншығып
Жағада аласұрып жатқан
Балықтаймыз.
Бiреуiмiз
Көлденең көсiлiп жатқан
Қаралы табыттаймыз.
Қазiр елiм
Алақапшық көтерген
Ала шапқын.
Сен болсаң
Сол момын елге де –
Жерiмде тұрып,
Төрiмде отырып –
Майлы қара күйедей
Жала жаптың.
Бiр тамшысын
Тамызбай
Балымды iшiп тұрсың.
Бiр тамшысын
Ағызбай
Қанымды iшiп тұрсың.
Жерiмдi
Бүлдiрiп бiтiрдiң
Асымды iшiп
Аяғыма түкiрдiң.
Бетпе-бет кездесуге
Елден қашасың.
Кекiрейiп
Кердең басасың.
Басындың.
Ашындым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шетелдік алпауыт өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Шетелдік алпауыт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шетелдік алпауыт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шетелдік алпауыт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері