Батыстың тентек желдерi – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Батыстың тентек желдерi» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 717
Батыстың тентек желдерi,
түстiктiң өртең желдерi,
шығыстың құрғақ желдерi,
терiстiң бұрқақ желдерi,
көптен бiр соқпай кеттiңдер
құйынсыз қалды шөлдерiм,
иiрiмсiз қалды көлдерiм,
көптен бiр соқпай кеттiңдер
тағы да, тағы, кел берi.
Ереуiл тiлеп өксiп тұр
жүрегiм толғау таппаған,
найзағай осып кетсiн бiр
бұлттарыңды әкеп төк маған.
Судырап, сыңсып, қалтырап
барады менi жалтақ қып, –
қара суығыңды алып кеп,
сарғайтқан мезгiл сартап қып
жапырақтарымды қағып кет.
Соза алмай семсер-қолымды
шеткерi қалдым дүрмектен,
шала боп сөнген шоғымды
сөндiрмей қайта үрлеп бер.
Ықтаған сайын ұратын,
қасарып, қайтпай, табандап,
тұқыртып тұншықтыратын
керiмсал менен боранды ап
тағы да сынап көр менi.
Тағы да, тағы кел берi,
батыстың тентек желдерi,
түстiктiң өртең желдерi,
шығыстың құрғақ желдерi,
терiстiң бұрқақ желдерi.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Батыстың тентек желдерi өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Батыстың тентек желдерi өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Батыстың тентек желдерi өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Батыстың тентек желдерi өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері