Бұл бетте «Түстің екен - күреске» атты Бақыткерей Ысқақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
02.12.2015
0
0
2216
Түстің екен - күреске,
Айлаңды асыр - күшіңмен.
Кірістің бе бір іске
Күрмеуін шеш - тісіңмен.
Бөркің төрге ілінбес,
Басына жет - биліктің.
Жүлде алғаны білінбес
Жаршысы жоқ - жүйріктің!
Сабыр сақтап тоқтасаң
Басыңнан сөз аспайды.
Жүрген жерде - мақталсаң
Сырын ешкім - ашпайды.
Есе даулап - өшікпе,
Жүрегіңе жүк артып.
Үре білген - күшік те
Төбеттерден - тым артық!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі