Көкiрекке кеткен кезде дерт толып – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Көкiрекке кеткен кезде дерт толып» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 743
Көкiрекке кеткен кезде дерт толып,
жанам кейде алаулаған өрт болып.
Жанам, жанам, жанам мен,
жүрегiммен, намысыммен, жанармен!
Маздап, шалқып жататын
алакеуiм кештегi
алау емес мендегi
ошақтағы, пештегi.
Қайратыммен, демiммен
қара дауыл тартып бiр
шындық болып жанам мен
қара ормандай шалқып бiр.
Мыстан сөздiң үйшiгiн
мыстан сөздер жиылған
лапылдатып өртеймiн
үйiрiлiп құйындай.
Жанған жалын жалақтап
ештеңеге қарамас,
өсек сөздi қуамын
сумаңдатып жалаңаш!
Көрсең егер қашқанын
өсек сөздiң далаға
құтқарам деп жүгiрме, құтқарам деп қарама!
Темiр торлап салдыртқан
терезесiн сындыртып
қорқынышты өртеймiн,
ойбайлатып шыңғыртып.
Жалқаулықты өртеймiн,
ұйықтап жатқан қорылдап,
пышыр-пышыр шыжғырып,
күл қалдырам орнында.
Отқа қақтап өртейiн,
өртейiншi ұшқалақ
өтiрiк пен жалғанды жалбыр шаштан ұстап ап.
Жанам, жанам осылай
күндiз-түнi тойлаған
өртенемiн демесең өшiрем деп ойлама!
Қайратыммен, демiммен
қара дауыл тартып бiр
шындық болып жанам мен
қара ормандай шалқып бiр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көкiрекке кеткен кезде дерт толып өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Көкiрекке кеткен кезде дерт толып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көкiрекке кеткен кезде дерт толып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көкiрекке кеткен кезде дерт толып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері