Бүгінге – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Бүгінге» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 811
Күттiм сенi қиялымен елестiң
жасар iсiм болсадағы көмескi.
Күттiм сенi!
Неге күттiм? –
сен тiптi
не өзiмнiң,
не жарымның, ұлымның
туған күнi емессiң.
Сен арқылы басталса да iлгергi үн
бiрiсiң сен қарапайым күндердiң.
Мейрам да емес,
не досымның тойы емес
бiрiсiң сен қарапайым күндердiң.
Саған жетем деп жүргенде асығып,
заттарым да қалды үстелде шашылып.
Өтектеуге қол тимедi шалбарды,
саған жетем деп жүргенде асығып.
Тайғанақтап,
не бүгiлiп,
тартынбай,
немесе бiр жағадан ап, алқымдап
жатпастан-ақ
сол белгiлi уақытта
кiрдiм, мiне, сол жұпыны қалпымда.
Атқаратын,
айта алатын шағымда,
ағытылып жарылайын ағымнан,
тек қана сен
бетпе-бет бiр менi ендi
ашық аспан,
күн астында қабылда!
Әйтеуiр мен жылдар бойы жол жүрiп,
жетемiн деп,
жетемiн деп болдырып,
күтiп едiм бiр керемет күндi мен,
мүмкiн әлде, сен боларсың сол күнiм.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бүгінге өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Бүгінге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бүгінге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бүгінге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері