Дауыл керек бұрқырар
Бұл бетте «Дауыл керек бұрқырар» атты Бақыткерей Ысқақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Дауыл керек бұрқырар,
Шаңдататын,
Естіген, есі кетіп таңданатын,
Тербетіп тал, теректі шайқалтатын,
Өзен тасып,
Толқыны жарға ататын!..
Жаңбыр керек,
Орман,Тау, Далаға да
Түтін басқан,
Мазасыз қалаға да.
Мұңсыз Сәби,
Кемеңгер Данаға да,
Шал, Кемпір,
Аяғы ауыр-Анаға да!
Жауын керек,
Тап-таза мөлдіреген,
Тамшысын аспан уы бүлдірмеген.
Титтей жұмсақ жанары елжіріген,
Жауын керек,
Біздерге тентіріген!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі