Түн – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Түн» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 848
Кемермен ерегiсiп асып-тасқан,
Өз үнiн өз үнiмен басып тастап,
Еңiсте ерке бұлақ дем алады,
Кеудесiн алқам-салқам ашып тастап.
Даланың ұйықтаса да атырабы,
Ентiгi бiр басылмай жатыр әлi.
Тентек жел сол бұлаққа, зорлап талдың
Майысқақ бiр бұтағын батырады.
Қыр жатыр қимылдауға шама келмей,
Самалға ебелек те қалады ермей.
Күлегеш бұлақ қана кәрi талдың
Табанын қытықтайды маза бермей...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері