Бұл бетте «Тасып кетер арнадан» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тасып кетер арнадан,
көктем, саған таң қалам.
Махаббатқа қанбаған,
көктем, саған таң қалам,
Неге сонша асылсың?
неге сонша жасылсың?
Буыны — өлең,
тармағы — ән,
көктем, саған таң қалам.
Бөлiп берер ойы бар
өлеңiме оттегi —
миллиметр бойы бар
қылтияды шөптерiң.
Етек-жеңiн жия амай
бей-жай болып тұр дала.
Арнасына сия алмай
тасып жатыр жылға да!
Қолын бұлғап көшемен
жүр аралап арқайын –
су-су болған нөсерден
плащ киген март айы!
Болады ғой ондайлар,
болады ғой көктемде, —
қонса үстiне торғайлар
телеграф сымға да
жапырақ өсiп кеткендей!
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі