Қаншама ғасыр – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Қаншама ғасыр» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 757
Қаншама ғасыр,
қаншама дәуiр өтсе де
тастамай қалам,
қайласын, ине, ұршығын,
әр минуттар мен
секундтарды өкшелеп
келедi жасап,
келедi жасап Тiршiлiк.
Ақындар бiткен
өзгеше дауыс, ырғаққа
өткiзе алмай қаламын,
желкендей кернеп
кеткенде бойын мұң қаптап,
жатады күн-түн толқытып,
бұлқынтып бұла тiрлiктi
шөлдерiм,
тауым,
алабым;
жете алмай әлi
дiттеген жерге жете алмай
ұшады келiп,
ұшады ессiз жылдамдық
қуырып жердiң танабын;
ап келем деумен
өзгеше дауыс, ырғақты
бауырға басып құс бiткен
шайқайды жұмыртқаларын.
Миллион жылдар бойына
жатады ылғи тiршiлiк
сiлтенген қайла,
кетпенде;
шырқауда ұшқан
бүркiт пен тырна,
кептерде,
ұяда,
шөлде,
мұхитта,
жүрек пен бұлшық еттерде,
тұншығып,
тулап,
ыңыранып
жаңа бiр дауыс
жаңа бiр тағдыр, өмiрдi
босана алмай қиналып!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қаншама ғасыр өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Қаншама ғасыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қаншама ғасыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қаншама ғасыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері