Кішкентай адам
Бұл бетте «Кішкентай адам» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
Тоқтататын бұған қандай амал бар,
тоқтататын бұған қандай қамал бар, –
пайда болды пақырлықпен күн кешкен
кiп-кiшкентай,
құйтақандай адамдар.
Бiлiнбейдi, –
жүрiсi де, тұрысы,
бiлiнбейдi –
алған демi, тынысы.
Жоқ олардың тiлмен, дiлмен бiр iсi,
жоқ олардың елмен, жермен жұмысы.
Өзiн өзi бiр уыс қып сығымдап,
айтатынын айтатұғын сыбырлап –
үнсiз-түнсiз,
көзге түспей, көрiнбей
бара жатыр құмырсқадай қыбырлап.
Өзi үшiн де,
өзге бiреу үшiн де
iрiлiк жоқ, кiсiлiк жоқ iсiнде.
Күндiз-күнi қыбырлап тек жүргенi
ұсақ-түйек, қиқым тiрлiк iшiнде.
Өзiн өзi алған мүлде жекелеп
жүредi оны пендешiлiк жетелеп.
Ерттеп мiнiп ергежейлi беделiн,
отырады мәстек ойын мәпелеп.
Қауiптi айтсаң –
жердiң үстiн торлаған –
кiшентаймын! – деп тайқиды оңбаған.
Төңкерiлiп кетсiн мейлi дүние
өзi бiрақ аман болса болды оған.
Керек емес –
оған көктем бүртiгi,
керек емес –
оған ел мен жұрт үнi.
қыбыр-қыбыр
қыбыр-қыбыр... күн-түнi.
Неткен оның тойымсыз ед құлқыны.
Қорықпаймын адамыңнан жаланған,
қорықпаймын адамыңнан қабарған.
Қорқамын мен – жүретұғын көрiнбей –
осы құйттай қыбырлаған адамнан.
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Әл – Фараби
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі