Жыр жазар алдындағы сәт – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Жыр жазар алдындағы сәт» атты Темірхан Медетбек жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 603
Отырмын үнсiз жалғыз қап,
тарылып бiттi-ау тыныс та.
Жоғалып кеткен аңдыздап
ойымды бөлер дыбыс та.
Отырмын үнсiз абдырап,
зiл тартып бойым қалды ұйып,
тұншығып денем салбырап
жатқандай бiреу қан құйып.
Ұстап бiр жалғыз тiлектi
үмiттi тұрмын мекендеп, –
ырғағын тыңдап жүректiң
жаңылысып кетпес пе екен деп.
Қалғандай құрып амалым
үнсiз бiр ұзақ алқынып,
сiмiрем құмбыл ауаны
жатқандай бейне кеудемдi
ақырғы рет толтырып.
Арқама салмақ түстi де
отырмын ауыр тыныстап,
кiм болсын мейлi үстiме
кiруге жоқтай рұқсат.
Жинай бiр алмай сезiмдi
ойларға батам қайырлап, –
отырғандаймын өзiмдi
қауiптi, аса қатерлi
опрерацияға дайындап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жыр жазар алдындағы сәт өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Жыр жазар алдындағы сәт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жыр жазар алдындағы сәт өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жыр жазар алдындағы сәт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері