Махаббат – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Махаббат» атты Темірхан Медетбек жазған махаббат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1195
Сен дегенде –
Талай-талай адамдар –
Дүниеден баз кешiп
Безiп кеткен.
Ғұмырларын мансұқ етiп
Жаhанды
Кезiп кеткен.
Алдынан –
Тау өсiп шықса да! –
Жанталасып
Асып өткен.
Жолына –
Ақ қар, көк мұзды
Төсеп тастаса да
Басып өткен.
Құммен бiрге көшкен.
От дариясын кешкен.
Сен үшiн –
Екi елдiң
Iргесi сөгiлiп
Дауласқан.
Сен үшiн –
Мемлекеттер
Қылыш суырысып
Жауласқан.
Жолың – азап! –
Айналаң түн болған.
Сен үшiн –
Төлегендер өлiп,
Мәжнүн, Қарагөздер
Жынданған.
Сен егер –
Жақұт болсаң –
Қолға ұстауға болмайтын –
Қасиеттi жақұтсың.
Сен егер –
Бақыт болсаң –
Қасiреттi бақытсың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Махаббат өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Махаббат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Махаббат өлеңі не туралы?

Бұл шығарма махаббат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Махаббат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері