Көк өpic – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Көк өpic» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.04.2019
  • 0
  • 0
  • 8777
Бояуы мол табиғат
Бар өнерін төккен кеп.
Көрген көзге, ақиқат,
Көкпеңбек-ау, көкпеңбек!
Шалғыны тұр желкілдеп,
Шіркін мұндай көк қайда!
Балапанның үлпілдек
Бауырындай мап-майда.
Басын желге ырғайды
Балаусасы балбырап,
Басуға адам қимайды,
Жайылады мал бірақ...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері