Өлең, жыр, ақындар

Рәміздерім айбыным!

Біз қазақпыз!
Таңбасы бар айбынды.
Әр белгіде бір мағына айтулы.
Қақ ортада белгіленді шаңырақ,
Уықтары күн нұрындай шашырап .
Баға жетпес асылымды көргенде ,
Тамсанада алты құрлық атырап!
Әнұранның сөздері бар астарлы.
Қоңыр үні жүректерде жаттаулы.
Әр нотада өк аспанның кеңдігі,
Әр жолында ғасыр демі қаттаулы.
Ер бабалар қаһарындай екпінді,
Әнұраным бар осындай мақтаулы.
Қыран құстай көкке қарай ұмтылған,
Көк туым бар қымбат күміс, алтыннан.
Нұр шашады ортасында жарық күн,
Соған қарап қанаттанып жаныппын,
Көк туымның көрінгенде төбесі
Отқайнары атқылайды шабыттың.
Көк байрағым айбарындай халықтың.
Рәміздерім мақтанышым айбыным.
Бар әлемге танытатын байлығым.
Рәміздерім жан рухымның қуаты,
Рәміздерім келешектің шуағы,
Қазақ деген ғажап ұлттың мақтаны.
Әрбір рәміз жүрегімде сақтаулы.



Пікірлер (1)

Ляззат

Әдемі!

Пікір қалдырыңыз

Қазақтың алтын дәуірі

  • 2
  • 1

Бабамның арман еткені-
Тәуелсіздік күні еді.
Тәңірім қолдап бүгін де,
Еліміз дамып гүлденді.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер