Адам демі – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Адам демі» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 536
Құрсау менен қыспаққа сап емiнген,
ажыратып алатұғын өлiмнен,
тiршiлiк бар, құдiрет бар керемет —
Адам, сенiң, демiңде!
Қайғы жатса иығыңнан түспеген,
адам демiн жұт дер едiм, iш дер ем.
Адам демi — бар бақытың, шаттығың
адам демi — өмiр дер ем, күш дер ем.
Бастайтұғын бас тартпайтын айбатқа,
жанитұғын қайрақтай
адам, сенiң демiңде
сағыныш бар, махаббат бар, қайрат бар.
Өзектерде от-жалыннан өрiлген,
Жүректердiң, түкпiрiнен төгiлген.
өлең де бар, арман да бар, үн де бар,
адам, сенiң демiңде.
Бәрi де бар, бәрi де бар, бәрi бар, —
шаттық пенен қғуаныштың әнi бар.
Әлсiреген сана менен ойларға
бер демiңдi, бер демiңдi, берiп ал.
Қуаныштың, нұрын, жырын төкпейтiн,
бiттiм ендi, менен қайыр «жоқ» дейтiн,
әлсiреген, тауы қайтқан тұстардың
барлығында сенiң демiң жетпей тұр.
Қатар соғып тұратұғын өмiрмен,
өкпе, жүрек, өзегiңнен бөлiнген.
Бүкiл мына тiршiлiк
дем алып тұр,
Адам, сенiң демiңнен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Адам демі өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Адам демі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Адам демі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Адам демі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері