Бір депутатқа – Бақыткерей Ысқақ

Бұл бетте «Бір депутатқа» атты Бақыткерей Ысқақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.12.2015
  • 0
  • 0
  • 1893
Асын ішіп Төренің төсті керіп,
Топ ішінде,
Сөз бермей бөсті келіп.
Жоғын жоқтап кедейдің-
Қипақтаумен
Жолға тастап, талайды,
Өсті-жеңіп!
Ел арасын тонады,
Кеспей, жонып,
Ағайынды, ауылды теспей сорып.
Ол бармаған,
Жүрмеген жол қалмады
„Жанашыр-
Ұйқтамай жүр іштей тоңып!"
Қол жетер жердің бәрін, үзбей сорып!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері