Өлең, жыр, ақындар

Алапат бiр күш бұрқанған

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 667
Алапат бiр күш бұрқанған
бойымды келiп кергенде –
болады бейне алып бiр
бәйтерек өсiп тұрғандай
менiң кеудемде.
Үн алып шығар тулаған
жататын тасып ағыны, –
шырмаған тұла бойымды
қан тамырларым да шулаған
соның тамыры.
Шығарып ойдың ел-селiн
қаншама рет аптықты.
Қызуын тартып денемнiң
үстiнде тұр ол теңселiп
мұң мен шаттықтың.
Дәнiнен үмiт, арманның
бойына ғажап күш дарып,
әуен мен сазға толтырып
сайрап тұр онда орманның
барлық құстары.
Жел соқса сыңсып ышқынып
қаншама мен де егiлдiм...
Бойында оның қуаты
туған жерiмнiң,
бойында оның ыстығы
туған жерiмнiң.
Әйтеуiр бiр күш бұрқанған
денемдi сөгiп кергенде –
болады сонда алып бiр
бәйтерек өсiп тұрғандай
менiң кеудемде.
Сенбесең не деп жазғырам
сенерсiң бiрақ көргенде –
бұрқырап өсiп шығады ол
қақ жарып жердiң астынан
менi көмгенде.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түркістанның базары

  • 0
  • 0

Күн шықпастан сайрататын саз, әнiн,
күн шықпастан қайнататын қазанын,
қүн шықпастан тойлататын қазағын
Түркiстанның базарын айт, базарын.

Толық

Қорқамын!

  • 0
  • 0

Елiмнiң iргесiнде
Өрт болып жатыр...
Жанымның iшiне
Дерт толып жатыр.

Толық

Бостандыққа жол

  • 0
  • 0

Ғасырлардың түбiнен
Бостандығымды iздеп шықтым.
Садағымды алдым,
Найзамды ұштадым.

Толық

Қарап көріңіз