Түнгі хабар – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Түнгі хабар» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 740
Диктор дауысы айырылыпты сабырдан –
ораныпты бiр ел тағы жалынға...
Есiтiлдi барлық жерге,
бар елге
сол үрейлi бомба дауысы жарылған.
Дүниенi сiлкiндiрген атағы,
жарқыратқан тыныштықтың шапағы
егiн егiп,
құрыш құйып зауыдта
жатқан тыныш
жалт қарады Отаным.
Жалт қарады қалалар да,
дала да, –
қаншама тау, теңiз жатсын арада.
Жалт қарады сол бомбаның даусынан
жас баласын құшақтаған ана да.
Тыңдай қалды шопан да күн қақтаған,
жер астында солқылдаған шахталар.
Мойнын созып қарап тұрды сол жаққа
жапандағы мұнаралар қаптаған.
Түтiнiмен бейбiт көкке бұрғы сап,
желбiреген ту құсап, —
қауiп күтiп тұрды үңiлiп аспанға
трубалар тiк шаншылып дүрбi сап.
Сақтанбасаң,
сақ болмасаң аяр кiм,
сыр деп ұқ сен әркiмге де аян бұл.
Темiржолдар,
темiржолдар созылған
пулеметтiң лентасындай даяр тұр.
Сiңiрiп ап өн бойына мұңлы ызғар
әлем жатты бiр суынып,
бiр қызған...
Ай тығылып бiр жапырақ бұлтқа,
дiр-дiр еттi жұлдыздар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түнгі хабар өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Түнгі хабар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түнгі хабар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түнгі хабар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері