Тирде – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Тирде» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 883
«Ондыққа»
Қара шегедей
Қадаймыз деп оқтарды
Жұрттарды басқа елемей
шуладық,
күлдiк,
мақтандық.
Көздедiк ұзақ қадалып
«Ондыққа» шiркiн тисем деп.
Оқтарды қанша қададық
Дөңгелек қара мишеньге.
Мылтықты қысып теңселтпей
Аттық бiз тағы, –
тағы да...
Оқтарды мишень
сол сәтте
Тұрғандай бейне қағып ап.
«Ондықты» iздеп көзiмен
Бiреу дәл,
Бiреу құр атты.
Әйтеуiр мишень өзiне
Магнит құсап
Оқтарды
Тартып ап жатқан сияқты.
Айтпас ем мұны көрмесем
Керек қой айту жаңылмай.
Оқтарды аулап тұр мишень
Сөздердi аулап алатын
Әуенiң толқындарындай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тирде өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Тирде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тирде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тирде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері