Жаза берсең, басында естелік көп –
Бақыткерей Ысқақ
Бұл бетте «Жаза берсең, басында естелік көп» атты Бақыткерей Ысқақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жаза берсең, басында естелік көп,
Ойлайсың кей біреуін тістеніп тек.
Жадыңда жаңғырады өткен жылдар
Жаңалықтың анасы - ескілік деп!
Оралмасын, кей бірі қорқынышты,
Қойныңа кіргізеді салқын күзді.
Қалай аман қалғам?-деп, түршігесің
Сол кездегі ойласаң марқұм ізді.
Кей бірі қайтып келмес-сағынышты,
Жас өмір,
Уақытқа бағынышты.
Бір сәтке оралса ғой -дегеніңмен
Тартады үйіңдегі-
Жарық күшті!
Содан кейін жазасың-бүгінгіні,
Сомдап илеп, ойларды түбіндегі.
Жүресің құлақ түріп,
Айта ма деп
Бұза ма деп, біреулер-бірлігіңді.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі