Долы Қатын – Бақыткерей Ысқақ

Бұл бетте «Долы Қатын» атты Бақыткерей Ысқақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.12.2015
  • 0
  • 0
  • 4344
Долы Қатын,
Ашуланса, Кектенсе.
Батыр туар- деген сөз бар ескіден.
Ал, Әулие,
Ақындарды тексерсе
Мыңнан біреу,
Туады екен естіден!
Сұлу емес,
Ғашық жанға бас иіп,
Өткен екен,
Баяғыда-Бабамыз!
Араздасқан,
Исі қазақ ес жиып
Құда түскен,
Салт- дәстүрмен Атамыз!
Жүзді берсе,
Құдалыққа жабулап,
Мыңын алған,
Жасауына жөнімен.
Содан Ұрпақ, Өсіп өнген, өркендеп
Қазақ Елін,
Көрген жан жоқ бөлінген!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері