Құйрықты жұлдыз – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Құйрықты жұлдыз» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1350
Ғаламат отты дастандай
құйрықты жұлдыз құйғыды,
шұбалып жатты аспанда
қып-қызыл ұзын құйрығы.
Жаралып жалын тасқыннан
шексiздiкпенен сабылып,
қап-қара аспан астында
шаңытқан от жүр ағылып.
Өтсе ол түнге бұрғы сап
сұлулық одан көрерсiң.
Жүректен аққан жыр құсап
ағады аспан денесi.
Келмесiн деймiн жақын ол
үрей де бар ғой денемде,
өртенiп бара жатыр ол
өртеймiн сенi дегендей.
Құйрығын сiлкiп бұлғаған
оранып отты жалынға,
құйрықты жұлдыз –
зулаған
аспанның айдаhары ма?!
Осы деп тағдыр бұйрығы
өттi де түндi тiлiп ол,
шұбалтып ұзын құйрығын
құрдымға кеттi сiңiп ол.
Сезiндiм бәрiн денеммен,
сескенiп отты дүлейден,
ол кеттi сiңiп,
дегенмен
айықпай тұрмын үрейден.
Тiрлiктi өртеп жердегi,
бұзатын аспан қақпасын,
ұшатын темiр денелi
айдаhарлардан сақтасын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құйрықты жұлдыз өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Құйрықты жұлдыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құйрықты жұлдыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құйрықты жұлдыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері