Көшедегі күзгі ағаштар

Бұл бетте «Көшедегі күзгі ағаштар» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.06.2022
  • 0
  • 0
  • 838
Кешегi салтанаттың тастап бәрiн,
мүлгiп тұр Мамырларым, Тастақтарым...
Тiзiлiп тұра қалған ағаштар-ай,
берместен көшелердiң қос қапталын.
Бұлт төнiп қайта-қайта аспаныма,
үнсiз тұр мәуелiсi, асқағы да.
Түтiгiп соққан желден түсе-түсе
селдiреп қалыпты ғой шаштары да.
Тiрлiктiң қалған-сынды ұйып қаны,
Қалғимыз ел секiлдi тұйықтағы.
Қарашы – ауырлықтан ағаштардың
Салбырап түсiп кеткен иықтары.
Аспан да жайлау құсап күйектегi
кешегi күн болып тұр күй еткенi...
Ақырын жел соқса да
тал-теректiң
сықырлап кетедi ғой сүйектерi.
Дым ауа. Бара жатыр тыныс бiтiп.
Тұрасың марғау тағы дыбыс күтiп...
...Қонышы бұж-бұж қара керзi етiктi
ағаштар көшеде тұр жұмыс күтiп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көшедегі күзгі ағаштар өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Көшедегі күзгі ағаштар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көшедегі күзгі ағаштар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көшедегі күзгі ағаштар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері