Парк – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Парк» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 623
Ағаш-ағаш —
бар айналаң ағаштар.
Ұшар басы көк аспанмен таласқан,
дүниемен,
тiршiлiкпен жарасқан,
көңiлiңнен пенделiктi аластар,
ағаш, ағаш —
бар айналаң ағаштар!
Ұрса лебi салқын сая самалдың
толқынданып бұтақтарын жаяр бұл.
Көк аспанға жасыл көлдi көтерiп,
тұрған-сынды дiңгектерi олардың.
Ақындардың кеудесiндей жыр қысқан,
шулап, шулап сан дауылмен жұлқысқан,
Биiктiкте толқып тұрған сол көлге
топ-топ болып сүңгiп кетiп жүр құстар.
Айтамын деп қуанышты,
кұсаны,
айтамын деп кеуде кескен ызаны
құшақтасар иiр бұтақтарымен.
Неткен iрi ағаштардың құшағы!
Аунатып ап желдiң бұрқақ құйынын,
шешердей бар тiршiлiктiң түйiнiн
шулайды олар
боп жатқандай бұл жерде
халықаралық ағаштардың жиыны.
Түспесiн деп көктен зұлым жай тасы,
тiрлiк үшiн жүрiп жатыр,
байқашы:
ұшар баста —
бұтақтардың шайқасы,
жер астында —
тамырлардың айқасы!
Бар дауыспен
әрбiр таңға жар салып,
бар тұлғамен
әрбiр таңды қарсы алып,
бүкiл әлем ағаштары атынан
тұрар олар ән салып.
Түтiн жұтып қаншама рет алқынған,
қорқады олар жарылыстан,
жарқылдан.
Бастан өткен қиындығын айтардай
иiр-иiр бұтақтар,
тiлiм-тiлiм балтырлар!
Көремiн деп сансыз қыс пен сан көктем,
жалғасам деп бар жақпен
тас түйiн боп қала iшiнде парк тұр,
белiн буып қара темiр шарбақпен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Парк өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Парк өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Парк өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Парк өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері